$ 494.87  520.65  4.91

ҚМДБ «Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермеледі» деген ақпаратқа қатысты жауап берді

Медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз.

Фото: @muftiyatkz, pixabay.com
Фото: @muftiyatkz, pixabay.com

Әлеуметтік желіде «Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелеуде» деген мазмұнда пікір тараған. Осы ақпаратқа қатысты ҚМДБ Instagram-дағы ресми парақшасы арқылы жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары