$ 478.96  533.03  5.22

WTA Player Awards: Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі атағына үміткер

Әйелдер арасындағы үздіктерді журналистердің және жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықтайды.

Фото: Robert Prange/Getty Images
Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер қатарында, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

WTA Player Awards – 1977 жылдан бері әйелдер теннис қауымдастығының ұйымдастырылуымен өтетін салтанатты іс-шара. Әйелдер арасындағы үздіктерді журналистердің және жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықтайды.

Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жылдың үздік теннисшісі атағына үміткер 6 спортшының қатарында. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде 6365 ұпаймен төртінші орында.

Айте кетейік, Рыбакина WTA Finals турнирінің 1/4 ойынында белоруссиялық Арина Соболенкоға есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары