Қайғылы оқиға 23 қарашада кешкі сағат 8-де Иляев көшесіндегі үйде болды.
Шымкентте ағасы 4 қабаттан лақтырған бала облыстық балалар ауруханасында мерт болды. Мұны бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннет Жазықбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бала комада жатып, есін жимай, бақилық болды. Ол екі жасқа әлі толмаған да еді.
Сағат 18:39-да баланың жүрегі тоқтап қалды, дәрігер реанимациялық шаралар әсер етпейтінін хабарлады. Ата-аналары шақырылды. Ата-анасының салғырттығынан тағы бір бала қаза тапты, – деді балалар омбудсмені.
Қайғылы оқиға 23 қарашада кешкі сағат 8-де Иляев көшесіндегі үйде болды. Психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған ағасы ұлды пәтердің терезесінен лақтырып жіберген.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, күдіктінің шамамен 25 жылдан бері психикалық ауруы бар. Куәгерлердің айтуынша, ол бірнеше рет баланың ойыншықтарын терезеден лақтырған. Алайда ол баланы лақтырады деп ешкім ойламаған.
Көршілерінің айтуынша, баланы отбасы көптен күткен және жалғыз бала болған. Әйел жұмыс істеуге жағдайы келмейтін ағасы мен баланы асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істеген дейді.