$ 494.87  520.65  4.91

Көлік министрлігі Астана LRT-ға Ұлттық қордан 52 млрд тг-дан астам ақша сұрады

21 қазанда LRT құрылысында кран құлап, жақын маңдағы көлікті басып қалған.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Көлік министрлігі 2023 жылы Астанада LRT жобасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан 52 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Көлік министрлігі ұсынған бюджеттік бағдарламаның жобасына сәйкес "Астана қаласының бюджетіне "Жаңа" жобасы аясында құрылысқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған дамуға нысаналы трансферттер Астана қаласының LRT (әуежайдан жаңа вокзалға дейінгі учаске)" жүйесіне 2023 жылға сұралған сома - 52 434 322 теңге.

Құжат мерзімі 15 қарашаға дейін қойылған. Авторлардың айтуынша, бұл шығыстар 2023 жылғы жұмыс кестесіне сәйкес ЕПК келісім-шарты бойынша төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қарашада Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығындағы Қалдаяқова көшесінде LRT тірегі қисайып қалған болатын. Куәгерлердің бейнежазбалары "елдегі негізгі ұзақ мерзімді құрылыс жобасы" тіректерінің бірі жолға қарай қатты қисайып кеткенін көрсетеді. Оқиға орнына дереу құрылыс техникасы әкелініп, тіректің айналасы қоршауға алынды.

Бұған дейін 21 қазанда LRT құрылысында кран құлап, жақын маңдағы көлікті басып қалған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. ол кезде бұрғылау стансасы асфальттың қуысына құлаған. Ал көлік дұрыс емес жерге қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары