Жарияланған жоспарлы сома 97 360 714,29 теңге.
Павлодардың шенеуніктері мереке күндері қаланы безендіру үшін арнайы техникаларды алу мақсатында 97 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ulysmedia.kz мәліметінше, мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланған лотқа сәйкес, арнайы техникаларға тапсырысты Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берген. Сатып алу әртүрлі іс-шара шеңберінде елдімекендерді, аудандарды және қаланы дайындау және безендіру қызметтері қамтиды. Қалалық және мерекелік іс-шараларды өткізу барысында мамандандырылған техниканы пайдалану жөніндегі қызметтерге ерекше назар аударылады. Жарияланған жоспарлы сома 97 360 714,29 теңге.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім 30 қарашадан 15 желтоқсанға дейін қабылданады.
Техникалық сипаттамаға сәйкес, көзделген қаражат мерекелер кезінде қаланы ресімдеу процесінде тиімді пайдалануға арналған арнайы техниканы сатып алуға жұмсалады.