Юлия Путинцева 69-дан 68-ге шықты.
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жеке және жұптық сындағы жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ерлер арасында. Жаңартылған рейтингте қазақстандық Денис Евсеев алғаш рет әлемдегі үздік 200 теннисшінің қатарына кірді. Өткен аптада Валенсиядағы (Испания) челленджер жарысының жартылай финалына дейін жеткен Д.Евсеев 226-дан бірден 197-ге көтерілді. Осылайша, ең үздік көрсеткішіне қол жеткізген ол Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды.
Қазақстандық өзге теннисшілерге келсек, Александр Бублик 32-орнында қалса, Бейбіт Жұқаев 186-дан 188-ге сырғыды.
Жұптық сында Александр Недовесов 44-орнын сақтаса, Андрей Голубев 61-ден 60-қа жоғарылады.
Әйелдер арасында. Елена Рыбакина үздік төрттікте тұр, Юлия Путинцева 69-дан 68-ге шықты.
Жұптық сында Анна Данилина 56-сатыда тұрақтаса, Е.Рыбакина 118-ден 112-ге, Жібек Құламбаева 143-тен 144-ке төмендеді.