$ 443.37  474.49  4.83

Лука Модрич «Реал Мадрид» рекордын жаңартты

Осы маусымда футболшы барлық турнирде 16 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич 35 жастан кейін алаңға шығу саны бойынша «Реал Мадрид» рекордын орнатты, деп хабарлайды   Skifnews.kz  ақпараттық порталы  Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Хорват Испания чемпионатының 14-турында «Кадиске» қарсы ойынға қатысып, 35 жасынан кейін «Реал» сапындағы 161-ойынын өткізді.

Бұл көрсеткіш бойынша Модрич 1986-1997 жылдар аралығында «Реал Мадрид» сапында өнер көрсеткен қақпашы Франсиско Буйодан озды.

Естеріңізге сала кетейік, Модрич «Реал Мадрид» сапында 2012 жылдан бері ойнап келеді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген. Ойыншының трансферлік құны 10 миллион еуроға бағаланып отыр.

Осы маусымда футболшы барлық турнирде 16 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары