Оның екеуін алу үшін шетелде оқыдым. Сондай-ақ 14 жыл жеке бизнесте болдым.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
ОКҚ алаңында есеп беру брифингіне қатысқан аймақ басшысы ата-анасы, отбасы туралы баяндады.
Адамның жалақысы қанша болса да, ол қажеттілікті толық өтеуге жетпейді. Мұны өз тәжірибемнен білемін. Мен қарапайым отбасында өстім. Әкем ауылда қарапайым жүргізуші, кейін комбайн жүргізушісі, гараждың меңгерушісі болды, ал анам ауылда дәрігер-акушер болып тер төкті. 1994 жылы алғашқы жалақым 3 мың теңге болды. Мен студент кезімнен бастап жұмыс істедім. Шетелде білім алдым. 10 жыл қаржы секторында еңбек еттім. 3 жоғары білім алдым. Оның екеуін алу үшін шетелде оқыдым. Сондай-ақ 14 жыл жеке бизнесте болдым. Жалақым басқа әріптестерімдікі сияқты.1 млн 700 мың теңге жалақы аламын, – деді Асайын Байханов.