Газбен жүретін автокөліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынған.
1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Газбен жүретін автокөліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынған. Дәл осындай автомобильдерді анықтап, сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді, - дейді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Арнайы белгіде «GAS» деген жазу мен леп белгісі бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш бейнеленген. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы тиіс.