27.11.2023, 18:00

Чарло Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Фото: AFP 2023/Emilee Chinn

Орта салмақ болса да, екінші орта салмақ болса да чемпиондық атақ сарапқа салынады. 

WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарло қазақстандық спортшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ол қазақстандық WBO және IBF белбеулерінің иегерімен өзінің орта салмақ дәрежесіндегі абсолютті чемпион атануы үшін жұдырықтасуға бел буып отыр.

Суперорта салмақта үлкен жекпе-жектер өткізе алмасам, қуана-қуана орта салмаққа қайта ауысамын. Мен Жәнібекпен де, міндетті қарсыласым Карлос Адемеспен де жекпе-жек өткіземін. Жеңіске жету үшін бәрін жасаған боксшыларды құрметтеймін. Ал мен ешкімнен қашпаймын. Орта салмақ болса да, екінші орта салмақ болса да чемпиондық атақ сарапқа салынады. Бәрі жақсы болса, шаршы алаңда осы жігіттермен қолғап түйістіргенімді көресіздер. Осында болғаныма, жекпе-жек өткізгеніме қуаныштымын, – деді Чарло жекпе-жектен кейін өткен баспасөз мәслихатында.