Күйеужігіт жас жұбайлар отыратын жерге ата-анасын отырғызып, құрмет көрсетеді.
Тойда жас жұбайлар отыратын жерге ата-анасын отырғызып, құрмет көрсеткен жұп Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Видео TikTok-та тарады. Роликте күйеужігіт ата-анасын ортаға шақырып, оларға алғыс айтады. Артынша күйеужігіт ата-анасын жас жұбайлар отыратын жерге ата-анасын отырғызып, құрмет көрсетеді.
Желі қолданушылары күйеужігіттің әрекетіне тәнті болған.
"Дұрыс, барында бағалау керек", "Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсіресе дәл қазір уақытта керек үлгі", "Жарайсың. Ата-анасы бар екен, ееееең бай адам. МашАллаһ, ризамын", "Қазақта осындай жігіттер көбейе берсін", деп жарыса жазды олар.