27.11.2023, 23:30

63 жастағы ер адамның ішегінен тірі шыбын табылды

Фото: Pixabay

Процедура алдында су ғана ішіп, тәулік бұрын пицца мен салат жеген.

63 жастағы америкалық профилактикалық колоноскопияға барған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дегенмен ер адам өзін қандай «тосынсый» күтіп тұрғанын білмеген де.  Дәрігерлер оның ішегінен тірі шыбын анықтаған.

Америкалық шыбынның ағзасына қалай кіріп, оның қалай тірі қалғанын білмейді. Ол өзін жайсыз сезінбегенін айтқан және жуық арада күмәнді ештеңе жемеген.  

Америкалықтың айтуынша, процедура алдында су ғана ішіп, тәулік бұрын пицца мен салат жеген. Бұл тағамда шыбын болмағанына сенімді. Дегенмен мамандардың өздері шыбынның ағзада қалай тірі қалғанын түсіне алмай дал.