$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда университет деканы 6 жыл бойы заңсыз жалақы алып келген

Декан қызметінен босатылып, еңбек шарты бұзылды.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Облыс орталығындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экономика және құқық» факультетінің деканына жалақы заңсыз төленіп келген. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Facebook парақшасында жазылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

«Әділдік жолы» РҚБ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің  экономика және құқық факультетінің деканына жалақыны заңсыз аудару фактісін анықтады.

«2017 жылдан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін декан жұмыс күндері Оңтүстік Корея, Түркия және тағы басқа шетелдерге бірнеше рет сапарға шыққан. Алайда  табельде жұмыс күндері көрсетіліп, 1 млн теңгеге жуық төлем жасалған.

Осы алты жылдың 80 жұмыс күнінде іс жүзінде жұмыс орнында болмаса да, жалақы төленген», - деп жазылған парақшада.

Қызметтік тексеру кезінде осыған жол берген Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал декан қызметінен босатылып, еңбек шарты бұзылды.

Сондай-ақ  декан 1 млн теңгеге жуық ақшаны университетке қайтарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары