Наталья Свиридова қазақтарды қорлап, бір-бірін өлтіруге шақырған.
Қазақтарды қорлап, бір-бірін өлтіруге шақырған Астана тұрғыны Наталья Свиридова төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты төмендегідей шешім шығарды.
"Свириденко (Меркулова) Наталья Валентиновна Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігінде (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - делінген ақпаратта.
Оқиға 7 тамызда болған. Наталья Свиридова TikTok парақшасында ұлт-араздық алауыздықты қоздыратын мәлімдеме жасап, азаматтардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтірген.