Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (бұдан әрі – ТКШ бөлімі) қызметін тексерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру нәтижесі бойынша Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі анықталды.
Атап айтқанда, 2021 жылы ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын жоғары бағамен қабылдаған, бұл 223 млн теңгеден астам мөлшерде бюджет қаражатын негізсіз артық төлеуге әкелген.
Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастап, оны тергеп-тексеру Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылды.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды,- делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабына сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзышылық жасаудағы кінәлілігі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз болып саналады.