$ 444.14  477.05  4.85

Голливудта қазақстандық каскадёрлер түскен фильм прокатқа шықты

Үш жыл бұрын каскадерлер әлемінің Оскары саналатын «Таурус» сыйлығын иеленген. 

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Қазақстандық каскадёрлер түскен британдық Ридли Скоттың «Наполеон» фильмі прокатқа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

24.kz мәліметінше, картинаның режиссері британдық Ридли Скотт. Кинода француз императоры Наполеон Бонапарттың билікке келуі мен оның өмірлік жолы суреттеледі.

Тарихи драманың эпикалық сахнасы – көлемімен ерекше. Туындыда қазақ жігіттері ат құлағында ойнайтындығын көрсеткен. Оған қоса олар бірнеше қауіпті эпизодтарға түскен. Қазақстандық каскадерлерге режиссер алғыс білдіріп, тағы басқа жобаларға шақыратынын айтқан. Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов. Топ 2000 жылы құрылған.

Содан бері Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Үш жыл бұрын каскадерлер әлемінің Оскары саналатын «Таурус» сыйлығын иеленген. 

Наполеон жұмысымызды айтатын болсақ өте жақсы. Ұлыбритания елінде Лондон қаласында түсірілім сол жақта болды. Қазақстаннан Номад каскадерлік топтан 12 жігіт жұмыс жасадық. Біз деген көптеген трюктар жасадық. Көптеген костюм кидік. Казак болдық, австриец болдық. Англичан болып киіндік. Француздар болып киіндік. Былай айтқан кезде барлық образда болып үлгірдік, дейді каскадер Есболат Әбдіберік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары