$ 439.43  473.31  4.82

Дос Көшім: Депутаттың міндеті - «айтып тастау емес», Заң шығару

 «Біреуі бір жаңа заң дайындаған жоқ».

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім "Білген дұрыс" youtube арнасына сұхбат беріп, Мәжіліс депутаттарының жұмысына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дос Көшімнің айтуынша, депутаттардың міндеті айтып тастау емес, Заң шығару. Сондықтан олар шын мәнінде маңызы бар мәселелер туралы Заң дайындау керек дейді ол. 

Мәжіліске Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан, Ермұрат Бапи, Ринат пен Нартай секілді жігіттер келді. Бұлардың бәрі жақсы сұрақ қойғандарын, жақсы сөйлегендерін, биліктің адамдарының екі аяғын бір етікке тыққандарын көреміз. Дұрыс. Бірақ, олардың міндеті бұл емес қой. Бұлардың міндеті - заң шығару. Біреуі бір жаңа заң дайындаған жоқ. 30 жыл бойы айтып келе жатқан заңдарымыз бар. Мемлекеттік тіл туралы заңды неге біреуі дайындап, ұсынбайды? Қазақстанның ақпараттық жүйесін Ресейден қорғау туралы заң неге дайындамаймыз? Басқа елдердің көбісінде бар.  Бүкіл солтүстік пен шығыс облыстарда бұрынғы кеңестік атаулар қалды. Чапаев, Ленин, Сталин, Буденый деген кеңестік атауларды неге өзгертпейміз? Заң керек пе, керек, - дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ ол жалақы туралы айтқан депутат сол туралы нақты Заң жобасын дайындау керек дейді. 

Неге сөйлей береді, неге айта береді? Мен таңғаламын, мен де сөйлей аламын. Мысалы, Ринат Зайытовтың отырып алып, домбырамен айтқандары да дәл солай тарайды. Ол ана жаққа заң шығаруға барды ғой. Мысалы, ең төменгі жалақы туралы Ринат өте тамаша айтты, соғысып қалды, айқайласты. Айқайласпауы керек. Мен айқаласуым керек, басқалар айқайласуы керек. Ринат отырып алып, заң шығаруы керек. «Қазақстандағы ең төменгі жалақы мынадай болуы керек». Әйтпесе, өзіңіз білесіз, Америка мен Еуропада 1 сағатта минимум жалақы деген бар. Мысалы, Америкада 14 доллар, Германияда нақты қанша еуро екенін білмеймін. Міндетті түрде, кез келген ыдыс жуатын адамға дейін одан төмен жалақы қоюға болмайды, - дейді Дос Көшім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары