$ 487.37  532.94  5.09

«Әлемнің 70 елінде қолданылады»: Денсаулық сақтау министрі қызылшаға қарсы егілетін үнді вакцинасы туралы айтты

Қызылшаға қарсы үнді вакцинасы елімізде 10 жылдан бері қолданып келеді.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы егілетін үнді вакцинасы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін қызылшаға қарсы үнді вакцинасы әлемнің 70 елінде қолданылады. 

Қызылшаға қарсы үнді вакцинасы елімізде 10 жылдан бері қолданып келеді. Осы уақыт ішінде жанама әсерлер немесе асқынулар болған жоқ, - деді министр Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Бүгінде елімізде қызылша жұқтырған 2 мыңнан астам бала стационарлық ем қабылдап жатыр. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен 600 мыңнан астам бала қамтылған. Бұл 1 жас және 6 жас аралығындағы балалардың 84 пайызын құрайды. Жыл соңына дейін осы жас тобындағы 100 мыңнан астам бала вакцинациялауға жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары