$ 487.37  532.94  5.09

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатқан қылмыстық топ ұсталды

Іс бойынша барлығы 12 жаңа туған сәбиге қатысты сатып алу-сату және сыйға тарту мәмілелері жасалған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда апелляциялық сот жаңа туған сәбилерді сатқан 7 адамға қатысты үкімді өз күшінде қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Бұған дейін сотталушылар бірінші сатыдағы үкім бойынша қылмыстық топтың құрамында кәмелетке толмаған балаларды сатып алу-сату және сыйға тарту (ҚР-нің 28 б., 135 б.), ұйымдасқан топты құрғаны және оған жетекшілік еткені (ҚР-нің 262 б.) және жалған құжаттарды бірнеше мәрте дайындағаны (ҚР-нің 385 б.) үшін кінәлі деп танылған болатын.

2018 жылдан бастап 2022 жылғы наурызға дейін А. (АХАЖ-дың бұрынғы қызметкері) балаларды сатып алу-сату және басқа да мәмілелер бойынша 4 эпизодты өз бетінше жасаған.

А. қылмыстық топ құрып, оның құрамына С. және Е. (жұмыссыздар) және белгісіз Э. есімді әйел кірген.

Аталған қылмыстық топтың мақсаты жаңа туған сәбилерге қатысты сатып алу-сату және басқа да мәмілелер жасау арқылы табыс табу болды.

А.-ның міндеттеріне қылмыстық топқа жалпы басшылық жасау, сондай-ақ туу туралы куәліктер жасау кірді. С., Е. және белгісіз әйел Э-нің міндеттері жаңа туған сәбилерінен бас тартуға дайын адамдарды және жаңа туған балаларды асырап алуғаниет білдірген адамдарды іздеу және келіссөздер жүргізу, ақша алу және кейіннен оларды А-ға беруді қамтыды, делінген сот хабарламасында.

Г., Б., М. және Н.-ның әрқайсысы жаңа туған сәбилерге қатысты сатып алу-сату мәмілелерінің бір эпизодына ғана қатысқан және қылмыстық топқа кірмеген.

Іс бойынша барлығы 12 жаңа туған сәбиге қатысты сатып алу-сату және сыйға тарту мәмілелері жасалды.

Сонымен қатар, Б.-ға алаяқтық жасады деген айып тағылған, яғни жәбірленушінің атына 1 000 000 теңгеге жуық сомаға несиені алаяқтық рәсімдеу арқылы ақша жымқырды деп айыпталды.

Сондай-ақ, сот Г. және Б.-мен бірге тұратын тұлғалар жаңа туған сәбилерін сатудан өз еркімен бас тартқанын анықтады, бірақ А. мен белгісіз әйел Э. оларды алдап, баланы алып, сатып жіберген.

Қылмыстық қудалау органы балаларынан бас тартқан аналарға және осы балаларды өздері асырап алу үшін сатып алған адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық істер ҚК-нің 65 б. бойынша әрекетті өкініш білдіргендері үшін тоқтатылғанын атап өткен жөн.

Сотталушы әйелдер М. 1956 ж.т. – 67 жаста және Н. 1953 ж.т. - 70 жаста, босанғаннан кейін анасы бас тартқан баланы осы сәбиді асырап алғысы келген тұлғаларға өтеусіз берудің бір эпизодына қатысқан. Осы айыпталушылар М. және Н. өз кінәларын толық мойындады, тергеу жұмысында серіктестік танытты және оларды әрекетті өкініш білдіргендері үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Сот үкімімен А., С. және Е. қылмыстық топ құрамында кәмелетке толмағандарға қатысты мәмілелер жасасқаны үшін тағылған барлық айыптар бойынша кінәлі деп танылды және сотталды: А. – 14 жыл, ал С. және Е. – әрқайсысы 12 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары