Бұл басқа Олимпиадалардың дәл осы кезеңдегі лицензия санымен салыстырғанда өте аз.
Қазақстан спортшылары келесі жылы болаын Париж Олимпидасына бар жоғы 17 лицензия жеңіп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Qazaqstan.tv мәліметінше, жолдама сегіз спорт түріне тиесілі. Бұл басқа Олимпиадалардың дәл осы кезеңдегі лицензия санымен салыстырғанда өте аз.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев төрт жылдықтың басты бәсекесінің нәтижесі қалай болатынына қазірден алаңдап отырғанын жасырмады.
Жалпы жанкүйерлер жүлдені бокстан күтеді. Бірақ, әзірге бұл спорт түрінен 2 ғана жолдама бар. Министр мұны өте нашар көрсеткіш деді.
Ал спортты дамыту дирекциясының өкілі Олимпиадаға дейін тағы 90 лицензия жеңіп алу міндеті тұрғанын жеткізді.