$ 494.87  520.65  4.91

Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды

Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің бір жарым ай бұрын ғана ашылғаны, ғимарат Halyk Bank-ке тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат «Халық банкке» тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген .

Тағы оқи отырыңыз: Хостелдегі өрт: куәгерлер өрттің шығу себептерін айтты

Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы «Almaty Hostel» хостелінде 30 қарашада шамамен таңғы сағат 5.33-те Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы «Almaty Hostel» хостелінің жертөлесінен өрт шықты. 30 м2 аумақ өртке оранды. Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген, - делінген әкімдік хабарламасында. 

Бұл хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ.

Студенттердің осы хостелде тұруына өтініш түскен жоқ, студенттерді хостелге орналастыру жұмысы жүргізілмеді, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары