Не дейсің, студенттер мен жұмысшылардың жағдайы белгілі ғой, сол үшін терезесіз жатақханаға барады, амалсыздықтан.
Алматы қаласында хостелде шыққан өртке байланысты Мұхтар Тайжан күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тағы бір қасірет… Бүгін түнде Алматыда 13 адам (жас студенттер мен жұмысшылар) хостелде демалып жатып өртеніп кетті дейді, - деп жазбасын бастаған Мұхтар Тайжан ол жердің иесі кім екенін де айтып өтті.
Хостелдің иесі Халық банк екен, бұрын кепілдікте тұрған мүлігін жалға беріп отырды. Бір сұрақ бар, терезелері жоқ бөлмеде, негізі подвалда, ережелер бойынша адамдарға қонуға бола ма? Не дейсің, студенттер мен жұмысшылардың жағдайы белгілі ғой, сол үшін терезесіз жатақханаға барады, амалсыздықтан. Жандары жәннатта табылсын, - деген жазбада.