Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды, делінген хабарламада.
Айта кетейік, , 30 қараша күні сағат 05:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді.