$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әкімдігі қаза тапқандарды тасымалдап, жерлеуге жәрдемдеседі

Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: +7 707 779 07 08; +7 777 312 08 08.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Шәріпов көшесінде орналасқан хостелдің аумағында болған өрт орнына барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала әкімі қайғылы оқиға болған ғимаратты қарап, өрттің алдын ала болу себебін тыңдады.

Қала басшысы әкімдік зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдау бойынша барлық шараларды қабылдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта аудан әкімдігі жедел түрде уақытша баспана берді, сондай-ақ барлық эвакуацияланғандар үшін тамақтану ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде ұсынуда.

Ерболат Досаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа, жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем толық көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: +7 707 779 07 08; +7 777 312 08 08.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары