$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды

Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326млн. теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдіктелуде, - делінген хабарламада.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары