2022 жылы 13 шілдеде ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.
Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтің апелляциялық шағымы қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сот шешімі
Нұрлан Мәсімовтың үкімі күшінде қалды.
Не үшін сотталды
Бұған дейін қорғаушы тарап екі рет осы қылмыстық іс бойынша судьялардан бас тартуды талап еткен. Бірінші жағдайда адвокат судьяның сыбайлас жемқорлыққа ұшырағанын көрсетті. Ал жақында адвокат бүкіл сот алқасына қарсылық білдірді.
Еске салайық, Нұрлан Мәсімов – Кәрім Мәсімовтің немере інісі. К.Мәсімов ҰҚК-ні басқарып тұрған кезде Н.Мәсімов Алматы облыстық полиция департаментінде, ІІМ-де, жауапты қызметтер ақтарды. Соңғы лауазымы – Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы.
Былтыр 17 қаңтарда Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды. Сол жылы маусымда оған іздеу жарияланды. Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.
2022 жылы 13 шілдеде ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.
Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке 366-баптың 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") және 189-бабы ("Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған шетелдік мүлікті иемдену немесе жымқыру") бойынша айып тағылған. Кәсіпкер Евгений Евковичке 28-баптың 5-бөлігі – 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Ерекше ірі мөлшерде пара беруге көмектесу") бойынша айыпталса, Мәсімовке сонымен қоса 92-бап – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" айыбы артылған.
Айыптаушы тараптың мәліметінше, полиция департаментінің басшысы өзінің орынбасарымен бірлесіп 90,3 миллион теңге көлемінде мүлік түрінде пара алған.
2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі артиллериялық техниканы сатып алуға конкурс жариялаған кезде Павлодар облысының полиция басшылығы оған олардың досы Евкович міндетті түрде қатысуы керек деп есептейді.
Ал көп ұзамай кәсіпкермен павлодарлық тәртіп сақшыларының арасында 607,5 млн теңгеге сауыт, қалқан, амортизатор, резеңке таяқтарды сатып алуға келісімшарт жасалады.
Айыптаушы тараптың ақпаратына сүйенсек, шарт жоғары бағамен жасалған, өйткені іс жүзінде кәсіпкер барлық арнайы техниканы сатып алуға 184 млн жұмсаған. Яғни, мемлекет қаржысынан 423 млн теңге ұрланған.
Дереккөз: Ulysmedia.kz