"Полиция подполковнигі" арнайы атағы бар.
Ішкі істер министрінің бұйырғымен Талдықорған қаласының полиция басқармасына жаңа бастық тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы болып, бұған дейін Ақсу ауданының полиция бөлімін басқарған Ернар Ширбаев тағайындалған.
Ернар Ширбаев ішкі істе органдарындағы қызметін Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі болып бастаған. Жедел-тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеген.
2011-2022 жылдары аралығында Жетісу облысы полиция департаментінің Қаратал, Панфилов, Ақсу, Ескелді, Алакөл аудандарындағы, сондай-ақ Алматы облыстық ПД-ның Қарасай ауданындағы полиция бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарған.
2022 жылғы шілдеде Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалған. "Полиция подполковнигі" арнайы атағы бар.
Естеріңізге сала кетсек, 13 қарашада Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болған еді.