03.12.2023, 05:30

Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде топ-5 қатарынан шығып қалды

Фото: prosports.kz

Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов топ-5 қатарынан шығып қалды. 

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов топ-5 қатарынан шығып қалды. Ол бұған дейін төртінші орында болған, жаңа рейтингте алтыншы сатыда тұр. 

Екінші ауыр салмақта Иван Дычко 11-орыннан 15-орынға түсті.

Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақта тоғызыншы орында қалды.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта 14-орнын сақтап қалды.

Сұлтан Зәуірбектің де орны өзгермеді - ол екінші жартылай жеңіл салмақта алтыншы сатыда.