$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 33 градусқа дейін аяз болады

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Апта басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады. Олар ел аумағына қар мен жаңбыр алып келеді. Skifnews.kz ақпарат порталы бұл туралы «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап хабарлайды.

6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсанда солтүстік-батыс салқын антициклоны кіріп келеді де, республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендеп кетеді: елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18 С аязға дейін, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33 С аяз, оңтүстігінде 5-13 С аяз болуы ықтимал, - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары