04.12.2023, 23:30

Ертең Қостанайда оқушылар қашықтан оқиды

Фото: Pixabay

Бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттері онлайн оқуға ауыстырылады

Қостанайда қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкімдік балалардың қашықтан оқуға көшетінін мәлімдеді. 

Қостанай облысында жауын-шашын мен көктайғақ салдарынан кәмелетке толмаған балалар жарақат алмас үшін 5 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттері онлайн оқуға ауыстырылады, - деп түсіндірді білім бөлімінің баспасөз қызметі.