$ 443.44  480.51  4.88

Астанада небәрі 2 сағатта 30-ға жуық жол апаты тіркелді

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болу керек.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада көктайғақ салдарынан таңертең небәрі 2 сағатта 30-ға жуық жол апаты болды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"07.00-ден 09.00-ге дейін елордада 30-ға жуық жол апаты тіркелді. Ауа райына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдықты және қашықтықты сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болу керек.

"Әркім өз қауіпсіздігі үшін жолдан арнайы жол белгілері бар жерден өту керек", - дейді полиция.

Жол қозғалысын, әсіресе жылдамдық ережелерін сақтамаудың арты қайғылы салдарға әкелуі мүмкін, деп ескертті құқық қорғау органдары.

Елордадан шығатын жолдар жабық, қала маңындағы автобустар жүрмейді, ал қоғамдық көліктердің жүру графигінде іркіліс болып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары