$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда зорланған оқушының ісі: Мұғалімдердің негізсіз жазаланғаны анықталды

Зардап шегуші үйде қашықтан оқуда, оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысының ауылдарының бірінде өгей әкесінен жүкті болып қалған оқушының ісіне қатысты мәліметтерді хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Павлодар облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған

21 қараша күні Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмаған оқушының жүктілігі туралы ақпарат белгілі болды. Қыздың дене бітімі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бірінші болып мектеп мұғалімдері байқады. Кәмелетке толмаған баланың анасы хабардар етілді, - деді ведомствода.

Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті – өгей әкесі қамауға алынған.

Зардап шегуші үйде қашықтан оқуда, оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жазалар алынып тасталды. Комитет аталған мәселені бақылауда ұстап отыр, - деп хабарлады комитет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары