Сонымен қатар бір жыл ішінде кинотеатрлар қызметі 14%-ға қымбаттады.
Қазақстанда кино билеттерінің бағасы ТМД бойынша ең қымбат болып шықты. Еліміз киносеанс билетінің бағасы бойынша әлемдік тізімде 31-орында тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Информбюро ақпаратына сәйкес, еліміз кино қызметінің құны бойынша әлемде 31-орында. Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда салыстырмалы түрде билет әлдеқайда арзан. Ең төмен бағалар Иран мен Шри-Ланкада. Ең жоғарылары Швейцарияда, Данияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде.
Елімізде билеттің орташа құны – шамамен 6 доллар, яғни 2,5 мың теңге.
Сонымен қатар бір жыл ішінде кинотеатрлар қызметі 14%-ға қымбаттады. Ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалады. Ал Түркістандағы ең қымбат кинотеатр қызметі – 2700 теңге. Қарағандыда 1400 теңге.