06.12.2023, 12:40

«Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған». Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған

Фото: Pixabay

Яғни күйеуі әйелін, үш баласын өлтіремін деп, анасының үйін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Әйелін соққыға жығып, қақаған аязда далаға қуып шығып, зорлаған.

2006 жылы күйеуі әйелін той кезінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған. Әйел күйеуімен биыл ғана ажыраса алған. Бұл туралы "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әйел адамның 17 жыл бойы ажырасып кете алмауының бірнеше себебі болған. Яғни күйеуі әйелін, үш баласын өлтіремін деп, анасының үйін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Әйелін соққыға жығып, қақаған аязда далаға қуып шығып, зорлаған. Әйел адам аспаз болып жұмыс істеп жүрген, одан бөлек, кез келген жұмысты істеп кете беретін. Ал күйеуі тапқан табысын тартып алып отырған. 

Әйел адам әр күн сайын банкаға ақша салып отыруы қажет болған. 

Сот балаларды әкесімен қалдырған. Себебі ер адам алаяқтық жолмен үйді өз атына аударып алған. Ал шындығында ол үйді салу үшін учаскені әйел адам өзі сатып алған. Анасының көмегімен үйді әйелдің жақындары салып берген. 

Қазір әйел адам анасымен бірге Алматы облысында тұрады. Алайда ол балаларымен кездесе алмайды. Кездесу белгіленген күндері ер адам балаларды алып кетеді екен. Әйел адамның денсаулығы алған жарақаттары салдарынан нашарлап барады. 

Әйел адамның әпкесі қордан көмек сұраған. Бұған дейін Қарасай ауданының прокуратурасына барған кезде ешқандай әрекет жасалмаған екен. Полициядан да қайыр болмаған. 

Дина Таңсәрі жәбірленуші әйелге жақсы адвокат тауып беру керегін айтқан. 

Дереккөз: Massaget.kz