06.12.2023, 18:00

Қазақстандық файтердің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Фото: Prosports.kz

Жекпе-жек Майамидегі (Флорида, АҚШ) UFC 299 турнирі аясында өтеді.

Әйгілі қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Алмабаев америкалық Си Джей Вергараға қарсы төбелеседі деп хабарланды. Жекпе-жек Майамидегі (Флорида, АҚШ) UFC 299 турнирі аясында өтеді. Жарыс 9 наурызға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Асу Алмабаев лигадағы дебюттік жекпе-жегін осы жылдың тамыз айында Нэшвиллде өткізіп, АҚШ азаматы, бірақ шыққан тегі ямайкалық Оде Осборнды жеңген болатын.