$ 441.66  475.14  4.86

Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай қызылша жұқтырды

Инфекция ошағындағы 30 жасқа дейінгі байланыстағы тұлғаларға тегін вакциналау жүргізіледі, науқастар оқшауланады.

Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары арасында қызылша жұқтырғандар күрт көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында қызылша жұқтыру күдігі бойынша 50 жағдай тіркелді. Оның ішінде 43 жағдай зертханалық расталды, екі жағдай ЖРВИ диагнозы қойылды, 5 жағдайда тексеру жүргізілуде. Жағдай аумақтық денсаулық сақтау басқармалары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында, – деді Ұлттық ұлан академиясындағы жағдай туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекциялармен күрес басқармасының бас сарапшысы Наргиз Мұратова.

Маманның айтуынша, қызылшаның өршуі туындаған мұндай жағдайларда инфекция ошағындағы 30 жасқа дейінгі байланыстағы тұлғаларға тегін вакциналау жүргізіледі, науқастар оқшауланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары