$ 494.87  520.65  4.91

Күн сайын қызылшамен 300-ге жуық адам тіркеледі

Жыл басынан бері қызылшамен ауырған адамдар саны 20 188-ге жеткен. 

Фото: ДСМ
Фото: ДСМ

Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдардың есебінен тіркеледі, бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл хабарлады.

2023 жылдың басынан бастап ҚР-да қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 81% (16351) - 14 жасқа дейінгі балалардың, 3,4% (706) - жасөспірімдердің, 15,4% (3131) - ересектердің арасында.

Қызылша ауруы барлық өңірлерде тіркелді, Шымкент қаласында жоғары деңгей байқалды -3069 жағдай (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 263,5), Алматы қ. - 3010 жағдай (136,5), Жамбыл – 2724 жағдай (224,0), Маңғыстау – 1701 (218,0), Алматы – 1812 (119,0) және Атырау – 1377 (196,6), Ақтөбе – 1485 (158,7), Қызылорда облыстарында – 1182 жағдай (139,8).

«Жалпы республика бойынша ауру балалар арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі 83,6% -ды құрады (13 670 жағдай)»,- деді Манар Смағұл. 

Ошақтарда шұғыл вакцинация егілмеген адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қызылшамен соңғы байланыста болған сәттен бастап алғашқы 72 сағат ішінде жүргізілетінін атап өткен жөн.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта қызылша ауруымен тығыз байланыста болған адамдарды вакцинациялаудан бас тарту орын алуда. Мұндай үрдіс қызылшамен ауырғандардың арасында да байқалады, сондықтан 57,4%-да (7854) жұқтырған балалар вакцинациядан бас тартуға байланысты жоспарлы тәртіппен, 18,2%-да (2492) - медициналық көрсетілім бойынша, 23%-да (3148) - егу жасына жетпеуі бойынша вакцинацияланбаған, - деп толықтырды ҰҚДСО басшысы. 

Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі: ҚМИ шеңберінде 223 402 адам, оның ішінде 6-11 айлық (71 075) балалар, 2-5 жастағы (111 655) балалар вакцинацияланды; соңғы тәулікте 22 144 адам вакцинацияланды; қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда (1 жастағы 84,1 бала және 79,2% 6 жастағы бала  қамтылды, ДДҰ ұсынымы бойынша 10 айда кемінде 84,6%) және 30 жасқа дейінгі егілмеген байланыстағы адамдардың ошақтарында вакцинациялау (18,4 мың адам); 18 жасқа дейінгі балаларды (69,7 мыңнан астам бала егілді) вакцинациялау жүргізілуде; балаларды екпелермен қамтудың шекті деңгейін ескере отырып, МДБМ-ға жіберу бойынша мониторинг кемінде 90% жүзеге асырылады; денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысы күшейтілді.

Манар Смағұл қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келе жатқанын және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылғанын атап өтті, сонымен қатар ата-аналарды балаларды қызылшаға қарсы уақтылы вакцинациялауға, 6-10 айлық және 2-5 жас аралығындағы балаларға қосымша иммундауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары