$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 300-ге жуық отбасы сусыз қалды

Мектептің құрылысы барысында ескі су құбырын қиып тастаған көрінеді.

 

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Алматыдағы саяжайларда 300-ге жуық отбасы бір аптадан бері сусыз отыр. Тұрғындардың айтуынша, жағдай мектеп пен тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты туындаған. Олар ескі құбырды кесіп, оны қайтадан қоспаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Информбюро» бағдарламасының мәліметінше, төрт бау-бақша қауымдастығының халқы қазір сусыз күнелтіп жатыр. Құбырдағы су қысымымен бұрыннан мәселелер болса, енді су мүлде жоқ. Мектептің құрылысы барысында ескі су құбырын қиып тастаған көрінеді.

Алматы су» бұл құбырды өз балансына алғысы келмейді. «Алматы сумен» келісімшартымыз болса да, таудан келетін лас су үшін ақша төлеп отырмыз, – деді Алматы қаласының тұрғыны Ольга Антропова.

Саяжай тұрғындары мектеп пен екі тұрғын үй кешені салынса, су мәселесі ғана емес, жол жүру мәселесі де өршитінін айтты. Себебі көше өте тар екен.

Осы екі жекеменшік құрылыс учаскесінде 118 пәтерлік тұрғын үй және 100 жер үй салынды, ал кәріз желісі 60 үйге есептелген. Қарасу станциясының салынуын 10 жылдан астам күтіп отырмыз. Инженерлік желілер тартылып қойған, біра қалалық су жүйесіне қосылмады. Біздегі кәріз желісі жұмыс істемейді, – деді алматылық тұрғын Майраш Боскина.

Құбырдың иесі болмағандықтан, оны ешкім есепке алмайды. Бұл ретте әкімдік сумен қамту мәселесін шешіп жатқанын айтты.

Қазір әкімдік пен «Алматы су» мекемесінің көмегімен жоғарыдан құбырды іске қостық. Бұл – уақытша шешім. Әрі қарай әзірлеушілермен сөйлесіп, құбырды қайда орналастыруға болатынын іздейміз. Мұнда кәрізге қатысты мәселе жоқ, – деді Наурызбай аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Дастан Үмітқазинов.

Бұл ретте әкімдік тек құбыр тартуға ғана көмектесетіні анықталды. «Алматы су» құбырды өз балансына алатыны немесе алмайтыны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары