$ 494.87  520.65  4.91

Төтенше жағдайлар министрлігі күн райының нашарлауына байланысты үндеу жасады

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде -39°С, күндіз -35°С дейін төмендейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігі күн райының нашарлауына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, желтоқсан айында ауа райы жиі өзгереді. Кейбір аудандарда қар көп жауып, боран болады деп болжанып отыр. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман, көктайғақ, екпіні секундына 15-30 метрге дейін немесе одан да көп жел соғады. Жауын-шашын тоқтап, соңы аязға ұласады.

7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массасының келуімен еліміздің барлық аумағында ауа температурасы:

  • Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде -39°С, күндіз -35°С дейін;
  • Ұлытау, Абай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35°С, күндіз -30°С дейін;
  • Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында түнде -23°С, күндіз -20°С дейін;
  • Қызылорда облысында түнде -20°С дейін, күндіз -15°С дейін;
  • Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында түнде -25°С дейін, күндіз -17°С дейін, таулы аудандарда түнде -30°С дейін, күндіз 15°С дейін;
  • Атырау, Маңғыстау облыстарында түнде -18°С, күндіз -12°С дейін күрт төмендейді.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

  • Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
  • Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.
  • Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар.
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары