07.12.2023, 16:40

Ресейде 2024 жылғы 17 наурызда президент сайлауы өтеді

Фото: ort-tv.ru

Палата қарарды бірауыздан мақұлдады.

Федерация Кеңесі президент сайлауын 2024 жылғы 17 наурызға белгіледі, палата қарарды бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей Федерациясы Президентінің сайлауы 2024 жылғы 17 наурызға белгіленсін. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген құжатта.

Шешім бірауыздан қабылданып, оған 162 сенатор дауыс берді.

Фото: © РИА Новости / Михаил Воскресенский