Қазақстанда ғана емес, шетелде де тіркелген мүлігін декларациялауы керек.
Бірінші қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады. Яғни, келер жылы кез келген мекеме басшылары, құрылтайшылар мен жеке кәсіпкерлер Қазақстанда ғана емес, шетелде де тіркелген мүлігін декларациялауы керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдымен 250-ші "Кіріс декларациясы" тапсырылады – бұл "Активтер мен міндеттемелер туралы декларация".
Кейінгі жылдары 270-ші "Кірістер мен мүлік туралы декларацияны" тапсыру керек.
Кіріс декларациясында құны 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын барлық мүлікті көрсету қажет, деп жазады qazaqstan.tv.
Биыл бұл 3 450 000 теңге болса, 2024 жылы 3 692 000 теңге болады.
Айта кететін жайт, мемлекет базасында, Қазақстанда тіркелген жылжымайтын мүлік пен автокөлікті – декларацияға енгізудің қажеті жоқ.