$ 494.87  520.65  4.91

Степногорда желіде апат болып, аязды күні үйлер жылусыз қалды

Жағдай тұрақты және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Степногорск қаласындағы Славского және Целиноград көшелерінің қиылысындағы Д-600 жылу магистралінде ақау орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Соның салдарынан бірқатар көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды.

Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі М.Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.

«Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары апатты жою және азаматтардың үйлеріндегі жылуды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Қала тұрғындары қазіргі жағдайдан хабардар етілді.

Жақында жылу беру қалпына келтіріледі. Жағдай тұрақты және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

«Қазгидромет» хабарлауынша, 8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары