08.12.2023, 12:40

Төтенше жағдай: Риддерде үйлер мен аулаларды су басты

Фото: видеодан алынған кадр

Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартты.

2023 жылғы 8 желтоқсанға қараған түні Хайрузовка өзенінде су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан Киров, Өскемен және Хариузовский көшесі бойындағы жеке сектордың төрт ауласын су алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Осыған байланысты Риддер қаласының төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жергілікті тұрғындарын хабардар етті, деп жазды Zakon.kz.

Күштер мен құралдар ықтимал эвакуация жағдайында дайын.

Халықты уақытша орналастыру үшін Риддер әкімдігі Риддер колледжі ғимаратында жедел түрде уақытша орналастыру пунктін дайындады. Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартты. Риддер әкімдігі мен Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары аулалар мен үй маңындағы суды сору үшін мотосорғылар қолданды, мұзды тазалап, өзен арналарына қарай еңіс жасау үшін арнайы техникалар тартылды, делінген ШҚО ақпарат орталығының баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар қала әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасынан келтірілген залалды бағалау үшін комиссия құрды.