$ 442.05  474.14  4.74

Бизнесмен Андрей Лаврентьев туралы не білеміз

Үйленген, 6 баласы бар.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны мемлекет меншігіне қайтару келіссөздері аяқталғанын, жаңа инвестор - отандық бизнесмен Андрей Лаврентьев болғанын мәлім еткен еді. Осыған қарай еліміздегі ең ірі өндіріс ошағын иелігіне алған кәсіпкердің өмір жолына көз жүгірткен едік, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Kazinform мәліметінше, 1979 жылдың 29 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген Андрей Лаврентьев үйленген, 6 баласы бар. Жоғары құқық мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ол «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және акционері. Оның құрамына «Агромашхолдинг» ЖШС және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кіреді. Топ Қазақстан аумағындағы Chevrolet, Kia, JAC және LADA автобрендтерінің ресми өндірушісі, дистрибьютері және серіктесі саналады. Астана және Алматыда сегіз жеке дилерлік орталығы бар. «Агромашхолдинг KZ» АҚ-ның 65 пайызына иелік етеді. Арманжан Байтасовпен бірге «Бизнес-FM» радиостансасын құрған. Қостанай облысындағы Триатлон федерациясының президенті, «Ана үйі» жобасының, YPO Kazakhstan, IQanat білім беру жобасының қатысушысы.

Андрей Лаврентьев 2012 жылы елімізде CKD құрастыру әдісімен автомобиль шығаратын өндірістің негізін қалады. Бір жылдан кейін дәл осы өндіріс ошағы «Индустрияландыру көшбасшысы» санатында Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» арнаулы сыйлығына ие болды. Ал 2017 жылы ол «Агромашхолдинг KZ» АҚ акционеріне айналды. Кәсіпорын Беларусьтың «Гомсельмаш» компаниясы шығаратын ауыл шаруашылығы техникаларын Қазақстан аумағында дистрибьюциялауға бірегей құқық алды. 2020 жылы «Узавтосаноат» АҚ-пен бірге Қазақстанда америкалық Chevrolet брендті автомобиль өндірісінің акционеріне айналды. Сол жылы «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ Астанада бірінші Отандық электромобильдердің ұлттық павильонын ашып, Қазақстанда «жасыл технологияларды» дамытуға бет бұрады. 2021 жылы Kia Corporation компаниясымен бірге елімізде Kia брендті автомобиль құрастыратын өндіріс ошағының акционері болды.

Айта кетейік, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан Үкіметі мен «АрселорМиттал» арасындағы келісімді мега-мәміле деп атауға болатындығын айтқан еді.

Қазақстан Үкіметі мен «АрселорМиттал» арасындағы келісімді мега-мәміле деп атауға болады. Оның еліміз үшін маңызы ерекше. «АрселорМиттал Теміртау» және Ақтау құбыр зауытының құнын 3,5 млрд доллардан 286 млн долларға дейін төмендеттік. Мәмілені жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен бір де бір теңге жұмсалған жоқ. Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша жауапкершілікті мойнына алды. 286 млн доллар — бұл толық жұмыс істеп тұрған екі кәсіпорынның құны, — деген еді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары