$ 444.14  477.05  4.85

Тимур Құлыбаев «KazEnergy» төрағасы қызметінен кетті

Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев KazEnergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, Skifnews.kz ақпарат порталы.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды. Бұл шешім 8 қарашада Алматы қаласында өткен «KAZENERGY» Кеңесінің отырысында қабылданды, – делінген ақпаратта. «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды, – делінген компанияның ақпаратында.  

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

Еске салсақ, Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қараша айынан бастап KazEnergy компаниясының басшысы болды. Қауымдастықтың өзі 2005 жылдың 2 қарашасында мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында құрылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары