08.12.2023, 21:30

ШҚО-да экология департаментінің басшысы қамауға алынды

Фото: Pixabay

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың Экология департаментінің басшысының заң бұзушылығын әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікке ілінген. 

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,-  делінген хабарламада.