$ 494.87  520.65  4.91

Астанада «Қажымұқан жолы» жарысы өтеді

Жанкүйерлер үшін кіру тегін.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

10 желтоқсанда QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде «Қажымұқан жолы» турнирі өтеді. Оған қатысушылар Қажымұқан белбеуі үшін күштік тәртіпте күресетін болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қажымұқан жолы» ұлттық спорттық жобасының авторы және бастамашысы – атақты палуан және Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников. Турнирге қатысушылар «Қажымұқан» белбеуі үшін күреседі.

Жанкүйерлер үшін кіру тегін. Турнир 10 желтоқсан күні сағат 17:00-де «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары