$ 494.87  520.65  4.91

Бішкекте халық ел туының өзгеруіне қарсы шеруге шықты

Депутаттар Қырғызстан туындағы күннің пішінін өзгерту керек деп есептейді. 

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Қырғызстан мемлекеттік туын өзгерту туралы шешім қабылданды. Алайда халық биліктің бұл шешіміне наразылық білдірді. 9 желтоқсанда ел тұрғындары рәмізді өзгертуге қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қараша айында парламент мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 66 депутат қолдаса, 8 депутат қарсы болды.

Депутаттар Қырғызстан туындағы күннің пішінін өзгерту керек деп есептейді. Себебі оны күнбағыспен шатастыратындар көп екен. Енді олар толқын пішінді сәулелер тік болғаны дұрыс деп отыр. Сондай-ақ шаңырақтағы таяқшалар саны үшеуден төртке артады. Өйткені үшеу кедейліктің, ал төртеу байлықтың белгісі ден саналады.

Ел президенті Садыр Жапаров жаңарған тумен Қырғызстан жаңа даму кезеңіне қадам басады деп отыр. Дегенмен Бішкекте ел туын өзгертуге қарсы шеру өтті. Оған 100-ге жуық адам қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары