$ 439.4  473.54  4.76

Еуропа кубогінде Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан «алтын» алды

Қазіргі уақытта 28 жастағы Ж.Алдабергенова Шаңғы спортынан халықаралық федерацияның 260 ұпайына ие.

Фото: freepik
Фото: freepik

Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогінің кезеңінде өнер көрсетті. Skifnews.kz ақпарат порталы бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нәтижесінде еліміз спортшысы 83.47 балмен бірінші орын алды. Екінші орынға Канада өкілі Александра Монтмини (65.45 балл), үшінші орынға америкалық Амелия Глоговски (62.14) табан тіреді.

Қазіргі уақытта 28 жастағы Ж.Алдабергенова Шаңғы спортынан халықаралық федерацияның 260 ұпайына ие.

Айта кетейік, Алдабергенова бұған дейін Рукада өткен әлем кубогі кезеңінде де жүлде алған болатын. Ол 77.43 балмен қола медаль еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары