$ 443.35  475.54  4.82

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды

Іздеу шаралары барысында үш қыз жалдамалы пәтерден табылды.

Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде жергілікті бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиешесі қыздардың жоғалғаны туралы хабар берген. 2006 жылы туған үш қызды полиция мен еріктілер іздеді.

Іздеу шаралары барысында үш қыз жалдамалы пәтерден табылды. Тәртіп сақшылары тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары